"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына 7-қосымша

"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау"
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.02.2016 № 152 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекiтiлген "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
I, II және III топ мүгедектерінің, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың, 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектігін алғашқы айқындау кезінде – көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
жәрдемақы тағайындауға Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті берушінің медициналық-әлеуметтік бөлімшесі арқылы жүгінген жағдайда – Мемлекеттік корпорация арқылы;
жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу бөлігінде – портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.10.2017 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Мемлекеттік корпорацияда – жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама;
порталда – көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
Мемлекеттік корпорация филиалынан келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
Мемлекеттік корпорация жіберген қателер анықталған жағдайда – жете рәсімдеу үшін бес жұмыс күні мерзіміне;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін қажеттілік туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – жете рәсімдеу үшін отыз жұмыс күні мерзіміне қайтарады.
Егер Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете рәсімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады;
2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) маманынан келіп түскен электрондық шешімнің жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
Мемлекеттік корпорация жіберген қателер анықталған жағдайда – жете рәсімдеу үшін бес жұмыс күні мерзіміне;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін қажеттілік туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде жете рәсімдеу үшін отыз жұмыс күні мерзіміне қайтарады.
Егер Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете рәсімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) бастығының (басшысының) ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
тиісті функцияны жүзеге асыратын бөлім (басқарма) бастығынан (басшысынан) келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін:
Мемлекеттік корпорация жіберген қателер анықталған жағдайда – жете рәсімдеу үшін бес жұмыс күні мерзіміне;
ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін қажеттілік туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде жете ресімдеу үшін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қайтарады.
Егер Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар жете рәсімделмесе, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім шығарады;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
қабылданған шешімді автоматты режимде Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырылған кезде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне автоматты түрде жіберіледі.
Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы);
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қатысады.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігі осы тармақта сипатталған, сондай-ақ осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-схемада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы екі жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы (басшысы) бір жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда бір жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады, қабылданған шешімді автоматты режимде Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жібереді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік
корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушіде;
2) Мемлекеттік корпорацияда "электрондық кезек" тәртібінде, кедергісіз қағидат бойынша жүзеге асырылады.
11. Көрсетілетін қызметті берушіде:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
2) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – "ЖТМД" АЖ) – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
"АХАЖ" АЖ-ға – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылдың 13 тамызынан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлігі бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдың 1 маусымынан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша) сұрау салуды қалыптастырады;
3) құжаттарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
4) өтінішті тіркейді;
5) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы үзбелі талон береді;
6) өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне:
көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен электрондық өтінімді жібереді.
12. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі құжаттар қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының қағаз түріндегі және электрондық іс макетін қалыптастырады.
Бұл ретте құжаттарды қабылдайтын маман мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) көрсетілетін қызметті алушыдан және көрсетілетін қызметті берушіден өтініш пен құжаттардың топтамасын қабылдаған кезде "Е-Макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тағайындау немесе төлеу фактісінің болмауына тексеруді жүзеге асырады, тағайындау немесе төлеу фактісі болған кезде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін тексереді;
3) "ЖТМД" АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
АХАЖ АЖ-ға баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
МОДБ-ға мүгедектігі туралы анықтама бойынша сұрау салуды қалыптастырады;
4) құжаттарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда сканерлейді;
5) сканерлеу сапасы және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
6) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған немесе жәрдемақы тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Іс макетін қалыптастыратын маман мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық және қағаз түрінде іс макетін қалыптастырады;
2) электрондық іс макетін қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкес салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сканерленген құжаттардың сапасын, жәрдемақы мөлшерін есептеудің электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда, ұсынылған барлық құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бас тарту себептері туралы хатымен қайтарады.
13. Электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорация филиалы екі жұмыс күні ішінде:
1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын қарайды және есептеудің және рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
14. Қателердің анықталу себебі бойынша электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда:
1) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін жете рәсімдейді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын рәсімдейді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады және Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді;
2) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорация филиалы бір жұмыс күні ішінде есептеудің және келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, оны ЭЦҚ-мен куәландырады, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
15. Құжаттың (құжаттардың) болмау себебі бойынша электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті көрсетілетін қызметті берушіден қайтарылған жағдайда:
электрондық іс макетін қалыптастыратын маман:
1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) жиырма бір жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде екі жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын хабарламада көрсетілген қосымша құжаттың (құжаттардың) топтамасының толықтығын тексереді;
электрондық іс макетін және электрондық шешім жобасын жете рәсімдейді, көрсетілетін қызметті алушы тапсырған құжаттардың сапалы сканерленуін және электронды көшірмелер құжаттың түпнұсқасына сәйкестігін қамтамасыз етеді, жәрдемақы мөлшерін есептеудің және электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді;
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорация филиалы екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
16. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі бекітілген нысанда жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама береді.
Мемлекеттік корпорация бөлімшесі көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді.
17. Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ-сы болған кезде, құжаттары Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН мен парольдің көмегімен порталға тіркелуден өтуге тиіс (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;
9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7-процесс – орын алған қателіктерге байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-сында қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады. Мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары графикалық нысанда осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
18. Ақпаратты ұсыну уақыты – уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

  "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау" мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне 1-қосымша

 

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін
қызметті беруші қызметкерлерінің арасындағы рәсімнің
(іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы

Іс-қимыл (жұмыстар барысының, ағынының) № Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы Іс-қимылдардың (процестердің, рәсімдердің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамасы Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) Орындау мерзімдері Келесі іс-қимылдың нөмірі
1 Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау 1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жіберу;
2) Электрондық іс макетін жете рәсімдеу қажет болған жағдайда, электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін және себептері көрсетілген хабарламаны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайтару
2 жұмыс күні 2
2 Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығы Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау 1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші басшысына жіберу;
2) Электрондық іс макетін жете рәсімдеу қажет болған жағдайда, электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін және себептері көрсетілген хабарламаны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайтару
1 жұмыс күні 3
3 Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау 1) Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау;
2) Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жіберу;
3) Электрондық іс макетін жете рәсімдеу қажет болған жағдайда, электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін және себептері көрсетілген хабарламаны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайтару
1 жұмыс күні  

 

  "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау" мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне 2-қосымша

Нысан

 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ______________ бойынша департаменті Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.10.2017 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен
Азамат (ша) _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, айы, жылы)
____________ жылғы "_________" ____________ № _____________ шешіммен
____________ теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау күні 20__ жылғы "_" _______
_____________________________ жәрдемақы тағайындаудан бас тартылсын.
(бас тарту себебі)
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес
қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003
года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи"
равнозначен документу на бумажном носителе.

*штрих-код ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық
қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из АИС и подписанные
электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента.

  "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау" мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне 3-қосымша

Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының графикалық нысандағы
диаграммалары

  "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындау" мемлекеттік қызметті
көрсету регламентіне 4-қосымша

 

"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметті
көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілген кезде:

      *- Мемлекеттік корпорация филиалының қатені анықтау процесі және оны
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің түзетуі 2-ҚФБ-да және 3-ҚФБ-да
бастапқы көзделген 4 (төрт) жұмыс күнінен аспауға тиіс
**- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты болады
Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы көрсетілген кезде:

      *- Мемлекеттік корпорация филиалының қатені анықтау процесі және оны Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің түзетуі 1-ҚФБ-да және 2-ҚФБ-да бастапқы көзделген 4 (төрт) жұмыс күнінен аспауға тиіс
**- ҚФБ таңдау олардың қайсысы қате жібергеніне байланысты болады