Ашық есік күні

    2019 жылдың маусым айының 21 күні «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы, «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Атырау облыс бойынша филиалы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аймақтық бірлескен кәсіподақ, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті өкілдерімен бірлесіп, халық арасында «Ашық есік күні» өткізілді. Шараның мақсаты – салымшыларға зейнетақы және әлеуметтік сала бойынша жан-жақты ақпарат беру мен тұрғындар арасында ең көп сұранысқа ие қызметтерді бір жерде көрсету. Қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Қазақ