Басшылық

 

Мендигариева Гульнара Дженискалиевна

Мендигариева Г.Д. - 1962 жылы Атырау қаласында туған, ұлты – қазақ, білімі жоғары. 1985 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1985-1998 жылдары «№2,3 Қалалық емханада» көз дәрігері болып бастап, 1998-2002 жылдары ҚР «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Атырау облысы бойынша жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қамту басқармасы» МЭС бөлімінің реабилитолог-дәрігері, 2002-2008 жылдары ҚР «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2008 жылдың мамырынан бастап, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша басшы орынбасары лауазымына тағайындалды.

2018 жылдың 29 мамырдан бастап Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы лауазымына тағайындалды.