Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі

Елеусінова Ақтілек Қайратқызы.

Лауазымы: Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже. - түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету; - мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; - мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру; қызметтік әдеп нормаларының сақталуын мониторингтеу және бақылау; - құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдау және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсыныстар енгізу; - азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Байланыс ақпараты: Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы көшесі, 118 Е, 2 блок Телефон: 8(7122)355739 (ішкі 122), 8(702)612-75-27 Азаматтарды қабылдау: Әр аптаның сейсенбі күндері сағат 16.00 – ден 18.00 – ге дейін, 13 кабинет.