"Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына 11-қосымша

"Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау"
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.02.2016 № 152 (алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекiтiлген "Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және жерлеуге арналған біржолғы төлемді (бұдан әрі – төлем) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.10.2017 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандартың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішіндегі мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) төлемді тағайындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (мөлшерінің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
ЭЦҚ арқылы:
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда төлемді тағайындау туралы;
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 223 бұйрық) бекітілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, төлемді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын куәландырады;
төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.
көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады;
2) төлемді тағайындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (төлем мөлшерінің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
ЭЦҚ арқылы:
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда төлемді тағайындау туралы
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің № 223 бұйрықпен бекітілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, төлемді тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын куәландырады;
төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады;
3) төлемді тағайындау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (төлем мөлшерінің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
ЭЦҚ арқылы:
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда төлемді тағайындау туралы;
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің № 223 бұйрықпен бекітілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді куәландырады;
қабылданған шешімді автоматты режимде Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ куәландырған кезде төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне автоматты түрде жіберіледі.
Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 24.11.2016 № 974 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қатысады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) бір жұмыс күні ішіндегі өзара іс-қимыл тәртібі:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада ұсынылған.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік
корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде "электрондық" кезек тәртібінде, кедергісіз қағидат бойынша жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады.
Бұл ретте өтініш пен құжаттарды қабылдайтын маман мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) тағайындау немесе төлеу фактісінің болуына мемлекеттік органның автоматтандырылған АЖ-ға сұрау салуды қалыптастырады. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау немесе өтініш беру фактісі табылған кезде Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті АЖ-ға:
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
"АХАЖ" АЖ-ға – қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 мамырдан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша) сұрау салуды қалыптастырады;
3) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;
5) сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілген қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қаматамсыз етеді;
6) өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған, төлемді тағайындауға құқығы болмаған жағдайда Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі;
іс макетін қалыптастыратын маман мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;
2) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 24.11.2016 № 974 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
12. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорация филиалы бір жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын рәсімдеудің дұрыстығын тексереді және қарайды;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
13. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген кезде береді.
14. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі жерлеуге арналған біржолғы төлемдi тағайындау туралы алынған шешім бойынша бір жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуге өтінім қалыптастырады.
Уәкілетті орган қалыптастырылған өтінім негізінде бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жерлеуге арналған біржолғы төлемді аударуды жүзеге асырады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес "Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

  "Жерлеуге арналған біржолғы
төлемді тағайындау" мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне
1-қосымша

 

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген
көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің арасындағы
рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы

Іс-қимыл (жұмыстар барысының, ағынының) № Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы Іс-қимылдардың (процестердің, рәсімдердің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамасы Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдық шешім) Орындау мерзімдері Келесі іс-қимылдың нөмірі
1 Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу;
1 жұмыс күні 2
2 Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
 
3
3 Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы Электрондық шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін қарау 1) Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау;
2) Жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жіберу
 

 

  "Жерлеуге арналған біржолғы
төлемді тағайындау" мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне
2-қосымша

"Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау" мемлекеттік
қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 24.11.2016 № 974 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.