"Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
2-қосымша

 

"Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.01.2016 № 68 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының тұратын жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат немесе заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлігі) немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

      2) қайтыс болуы туралы куәлік немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостиль қойып куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынады);

      3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

      Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе қайтыс болу фактісін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындауға құқығы болмаған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ақпараттық жүйеден жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау немесе жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындауға өтініш тапсыру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері кідіріссіз өтініш берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.04.2018 № 158 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

      Ескерту. 2-тарау 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе Министрлік, Мемлекеттік корпорация басшысының атына шағым беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Қызметкер дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Жерлеуге арналған біржолғы
төлем тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

      Аудан коды ______________
      Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің
      ___________________________ облысы бойынша департаментi
      Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (мекенжайы бойынша тұратын, телефоны)
      ________________________________________________________________________________
      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________________________
      (мекенжайы бойынша тұрған)
      ________________________________________________________________________________
      (қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
      жерлеуге біржолғы төлем тағайындауды сұраймын.
      Біржолғы жерлеуге арналған төлемді _________________________ банк
      филиалының № __________, "Қазпочта" АҚ-ның №_____________ банк шотына аударуды сұраймын.
      Жерлеуге арналған бiржолғы төлемге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді аудару үшін жеке банк шотын ашу мұмкіндігін, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіндігі туралы хабардармын.
      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

     

2

     

3

     

      Өтініш берушінің байланыс деректері:
      үй телефоны ____________ ұялы телефон __________ Е-mail ________________
      өтініш берген күні: 20___ жылғы "___" __________________________________
      Өтініш берушінің қолы _______________________________________________
      Азамат _______________________________________________________ өтініші
      № _____ болып тіркелді, құжаттар қабылданған күн 20___жылғы "___" ______

      ____________________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

 

"Жерлеуге арналған біржолғы
төлем тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

 

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (түрі көрсетілсін)

тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы
№ ______ қолхат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" __________

      Азамат(ша)_____________________________________ _____________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ жылғы "___" ____________

      Қамқоршы ____________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Жүгінген күні 20__ жылғы "___" ____________

      _____________________________________________________________________

      Құжаттардың толық топтамасын, төлем тағайындау үшін талап етілетін

      ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді ұсынбау, төлемге

      құқығының болмауы, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну себебі

      бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.

      _____________________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

  "Жерлеуге арналған біржолғы
төлем тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

      _____________________________________________________________________

      (түрі көрсетілсін)

тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы
№ ______ қолхат

      Ескерту. Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" __________

      Азамат (ша)_____________________________________ ____________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ жылғы "___" ____________

      Жүгінген күні 20__ жылғы "___" __________

      Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі бойынша тағайындау, төлеу

      немесе өтініш беру фактісі расталды

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)