Семинар-кеңес

   2019 жылдың 19 шілдесі күні «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің» ұйымдастыруымен Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мамандары, қалалық және аудандық емханалардың ДКК жауапты мамандарының қатысуымен «Медициналық-әлеуметтік сараптама мен мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері» бойынша семинар-кеңес өткізілді. Отырыста Департамент мамандары МӘС-тің 2019 жылғы 6 айының негізгі көрсеткіштерімен таныстырып, талдау қорытындысы бойынша есеп берді. Сонымен қатар, медико-әлеуметтік сараптамаға жолдама толтыру кезіндегі кездесетін ақаулар және бүгінгі таңда мүгедектерді сараптамадан өткізуде және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын жасақтауда жиі кездесетін өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында ұсыныстар тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon 20190719_111642.jpg3.39 MB
Image icon 20190719_111658.jpg3.48 MB