талдамалық АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

                                                                                  (2018 жылдың ІV тоқсаны)

         29 желтоқсан 2018 жыл                                                                                                                                                                                                        Атырау қаласы

1.1.Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласында мемлекеттік бақылауды және іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады. 1.2.Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін,Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады. Жұмыс тобымен төрағасы құрамында Департамент басшысының медициналық әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары – Г.Т. Досымова; мүшелері: №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы К.Б. Калиева; бас маман – заңгер консульт А.Қ.Елеусінова «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ - нің «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау» бөлімі мен «Бас маман – заңгер консульт» қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығы және Департамент басшысының 2018 жылдың 1 қазанындағы №93 бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жұмыстары жүргізілді. Анықтама: Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің штаттық құрылымы – 2 лауазымды құрайды, оның ішінде: - Бөлім басшысы – 1, - Бас мамандар – 1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағытта жүзеге асырылды: І. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінде қолданылатын құқықтық актілерде, нормативті құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Бөлім "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңнамасы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңнамасы, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі", "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі", Қазақстан Республикасының ЕЖ 3.06 - 101 - 2012 "Ғимараттар мен құрылыстарды халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының қолжетімділігі есебімен жобалау туралы" жалпы Ережелеріне сәйкес жұмыс жасайды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің арасынан бір – біріне қайшы келетін әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соқтыратын заңнамалар болған жоқ. ІІ. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңнамасына сәйкес, 2018 жылға бекітілген жоспардан тыс және ішінара тексерулер нәтижесінде төмендегі 13 мекемеде тексерістер жүргізілді. 1. "Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі" ММ. 2. "Индер ауданы әкімі аппараты" ММ. 3. "Махамбет ауданы әкімі аппараты" ММ. 4. "Жылыой ауданы әкімі аппараты" ММ. 5. "Исатай ауданы әкімі аппараты" ММ. 6. "Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" ММ. 7. "Атырау облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" РММ. 8. "Доссор поселкесі әкімі аппараты" ММ. 9. "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы ХҚКО Атырау облысы бойынша №3 филиалы. 10. "Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі" ММ. 11. "Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі" ММ. 12. "Қалалық тұрғын - үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ. 13. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "№4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КМК. Оның ішінде: Жыл басынан есептегенде 10 мекемеде ішінара, 3 мекемеде жоспардан тыс, ал II тоқсан бойынша 4 мекемеде ішінара, 1 мекемеде жоспардан тыс, ІІІ тоқсан бойынша 1 жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеріс қорытындысымен ҚР ЕЖ 3.06 - 101 - 2012 "Ғимараттар мен құрылыстарды халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының қолжетімділігі есебімен жобалау туралы" жалпы Ережелеріне сәйкес 10 мекеменің ішінара тексерісі бойынша 11 нұсқама беріліп, 87 заңбұзушылықтар анықталды. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" ҚР Заңы және "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының" 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығының негізінде 3 мекемеде ішінара тексерісі бойынша стационар - 2, уйде қызмет көрсету - 11 заңбұзушылықтар анықталып, 3 нұсқама берілді, 1 мекемеде жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 3 заңбұзушылық анықталып, 1 ұйғарым берілді. Жыл басынан бері 3 мекеменің лауазымды тұлғаларына ("Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі " ММ - нің басшысы - Р.Т.Мукановқа, "Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі" ММ - нің "Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" КММ - нің директоры А.С.Қожиеваға, "Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі" ММ - нің басшысының орынбасары - Р.К.Ураловаға) әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша хаттамалар толтырылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 84 бабының 1 тармағына сәйкес 20 АЕК көлемінде - 48100 теңге, барлығы 144 300 теңге айыппұл салынды. Жоғарыдағы мекемелерінің лауазымды тұлғаларына салынған 144 300 теңге көлеміндегі айыппұлдар толықтай төленді. "Қалалық тұрғын - үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ - де ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144 бабы 3 тармағы 1 тармақшасы негізінде 2017 жылдың 13 желтоқсанындағы №16 ұйғарымының орындалысының бақылау жоспардан тыс тексерісі жүргізілді. Тексеріс қорытындысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462 бабы 3 тармағы бойынша "Қалалық тұрғын - үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ басшысына У.Камаловқа хаттама толтырылып, осы Кодекстің 684 бабына сүйеніп, материал Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Алайда, Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулы нәтижесі қанағаттандырылмады. "Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі" ММ Т.У.Азбергенов және Қ.Енсепов арыздары негізінде 2018 жылдың 16 каңтарында жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Тексеріс қорытындысымен мекеме басшысына мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, оңалту шараларының орындалмауы бойынша 1 заңбұзушылық анықталып, ұйғарым берілді. Мүдделер қақтығысы жоқ. Бас маман – заңгер консульттің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағытта жүзеге асырылды: І. Бас маман – заңгер консульттің қызметінде қолданылатын құқықтық актілерде, нормативті құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Бас маман – заңгер консульт өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін,Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін қолданады. Бас маман – заңгер консульттің қызметінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің арасынан бір – біріне қайшы келетін әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соқтыратын заңнамалар болған жоқ. ІІ. Бас маман – заңгер консульттің қызметінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі Бас маман – заңгер консульт Департаментте 2018 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аппарат оқу жоспары және 2018 жылға арналған тәртіптік комиссиясының қызметтік этика, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шаралар жоспарына сәйкес ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер мен семинар – кеңестер өткізіп отырады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының «Сыбайлас жемқорлықсыз құқықтық мемлекет» 4 - реформасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу жолында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың ІV тоқсанында облыстық және аудандық газет беттеріне мақалалар жарияланды. Атап айтар болсақ: - 23.10.2018ж. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесінің артықшылығы» атты мақала «Атырау» газеті, №86 - 25.10.2018ж. «Парақорлар ашықтықтан қорқады» атты мақала «Мақат тынысы» газеті, №43; - 25.10.2018ж. «Автоматтандыру процесінің артықшылығы» атты мақала «Кең Жылыой» газеті, №43; - 13.12.2018ж. «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастырудың негізі» атты мақала «Кең Жылыой» газеті, №50 - 20.12.2018ж. «Жауапкершілікті сезіну керек» атты мақала «Қызылқоға» газеті, №51 Бұдан өзге, ағымдағы жылдың ІV тоқсанында әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы 4 талап арыз Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберілді. Қазіргі таңда 3 талап арыз соттың қарауында жатса, ал 1 талап арыз өнім берушінің тауарды жеткізуіне байланысты ішінара қанағаттандырылды. Сонымен қатар, Департамент сотта жауапкер ретінде 3 талап арыз бойынша қатысты. Оның ішінде 1 талап арыз Департаменттің пайдасына, ал қалған 2 – і арыз берушінің пайдасына шешілді. Бірақ, 2 талап арыз бойынша Департаментпен апелляциялық шағым берілді. Мүдделер қақтығысы жоқ.

Жұмыс тобының мүшелері:

Департамент басшысының медициналық – әлеуметтік сараптамалар жөніндегі орынбасары                                                                                                          Г.Т. Досымова №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы                                                                                                                                              К.Б. Калиева

Бас маман – заңгер консульт                                                                                                                                                                                                      А.Қ.Елеусінова