Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 165-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

     Балаға мүгедектік бастапқыда белгіленген немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде өтініш беруші мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы және бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өтініш жасауға құқылы.

     Медициналық әлеуметтік сараптама (МӘС) өткізуге құжаттар электрондық түрде жолданады;

     ААЖ «Емхана» - Медициналық әлеуметтік сараптамаға(МӘС) жолдама(форма № 088/у);

     Жеке тұлғалардың орталықтандырылған базада (ЖТОБ) - жеке басы куәлігі, мекен жайы туралы анықтама;

     ААЖ «ӘТВЕО» міндетті сақтандыру қорына қатысқаны (немесе қатыспағандығы) туралы анықтама.