Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА (2018 жыл І тоқсан

30 наурыз 2018 жыл                                                                                                                                                                                                    Атырау қаласы

      1.1.Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласында мемлекеттік бақылауды және іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.         

      1.2.Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін,Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.

       Жұмыс тобымен төрағасы құрамында Медициналық – әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі басшысының орынбасары –Г.Д.Мендигариева; мүшелері: Департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары – Л.С. Сагинбекова; Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы – А. А. Султанова; бас маман – заңгер консульт міндетін атқарушы А.Қ.Елеусінова «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ - нің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығы және Департамент басшысының 2018 жылдың 8 қаңтарындағы №15 бұйрығы негізінде «Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде» сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жұмыстары жүргізілді.

         Анықтама:

      Департаментте құрылымға сәйкес «Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде 2 бөлім бар, оның ішінде - №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің штаттық құрылымы – 7 лауазымды құрайды, оның ішінде: - Департамент басшысының орынбасары – 1, - Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшылары – 2, - Бас маман – 4. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағытта жүзеге асырылды:

     І. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде қолданылатын құқықтық актілерде, нормативті құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Тәжірибеде нормативті құқықтық актілерді қолдану, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында төмендегідей сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

1) "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығы: "5. Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша осы Қағидаларға 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1)өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат - сәйкестендіру үшін. Оралман мәртебесі бар адамдар бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындауға жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігінің көшірмесін ұсынады. 2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме; 3) неке қию (бұзу) туралы куәлік – өтініш беруші деректерінің баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда; 4) балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат – балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда; 5) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы".

   05.04.2000 ж. бастап Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды елшілік немесе консульдық легализациялау талабын жою мақсатында 05.10.1961 ж. «Шетелдік ресми құжаттарды легализациялау талабын жоятын конвенциясына» (бұдан әрі - Конвенция) мүше болып кірді. Конвенцияның 2 бабына сәйкес, келісімге отырған мемлекеттің әрқайсысы осы аталған Конвенцияның күші тарайтын және оның аумағында ұсынылуы тиіс құжаттарды легализациялаудан босатылады және де құжат дайындалған мемлекеттің құзіретті органының апостильді қоюы қолтаңбаның түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған тұлғаның сапасын және қажет болғанда осы құжат бекітілген мөр немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландыру үшін талап етілуі мүмкін жалғыз формальды шара болып табылады. Конвенцияға мүше мемлекеттерде тек «апостиль» арнайы мөртаңбасы қолданылады. Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 26 желтоқсанындағы №518-ІV"Неке "ерлі зайыптылық) және отбасы" Кодексінің 280- бабында: " шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын құжаттар, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, сондай - ақ консульдық ресмилендірілген не арнайы мөртаңба (апостиль) болған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады"- делінген.

   Тәжірибеде еліміздің азаматшалары өзге мемлекеттердің азаматтарына тұрмысқа шығып, сол елде баласына туу туралы куәлігін алып, Қазақстан Республикасынан жәрдемақы алуға құжат тапсырады. Атырау облысы бойынша азаматшалар Техас штатында, Түркия Республикасында дүниеге келген балаларына жәрдемақы тағайындауға жүгінген болатын. Осындай жағдайда қосымша құжаттар сұратуға тура келеді. Ұсыным: "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңында жәрдемақы тағайындау үшін ұсынылатын құжаттар көрсетілмегендіктен, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығының 7 тармағының 2 тармақшасын мына мазмұнда өзгертуді: " баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме не консульдық ресмилендірілген немесе арнайы мөртаңба (апостиль) қойылған Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің жасалғандығын растайтын құжаттар ".

ІІ. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі 2018 жылдың І тоқсанында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде барлығы 20536 зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар тағайындалды. Оның ішінде: - Жаңадан тағайындалғаны - 11326; - Қайтадан қаралып тағайындалғаны - 9210. Мүдделер қақтығысы жоқ.

Жұмыс тобының мүшелері:

Департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелер жөніндегі орынбасары Г.Д.Мендигариева

Департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Л.С. Сагинбекова

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А. А. Султанова

Бас маман – заңгер консульт м.а. А.Қ.Елеусінова