Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында күні Департамент басшысының медициналық - әлеуметтік сараптама сұрақтары бойынша орынбасары Г.Т. Досымова «Нұр Отан» партиясының  қоғамдық қабылдауына қатысты. Қабылдауды «Нұр Отан» партиясының  облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы  А.Ж.Ахметжанова жүргізді. Барлығы 8 адам қабылданды. Қойылған сауалдар бойынша кеңестер беріліп, мүмкіншілікке қарай көмек көрсетілетіні түсіндірілді.

 

16.01.2020 - 07:28
Өзгертілді: 16.01.2020 - 07:28

      10.01.2020ж. күні Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті және Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасымен бірге 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері» жөніндегі семинар кеңес өткізілді.

      Кеңеске қала және аудандардың емдеу алдын-алу мекемелерінің бас дәрігерлерінің орынбасарлары мен ДКК төрағалары қатысты.

15.01.2020 - 15:24
Өзгертілді: 15.01.2020 - 15:24