Семинар-кеңес

   2019 жылдың 19 шілдесі күні «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің» ұйымдастыруымен Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мамандары, қалалық және аудандық емханалардың ДКК жауапты мамандарының қатысуымен «Медициналық-әлеуметтік сараптама мен мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері» бойынша семинар-кеңес өткізілді. Отырыста Департамент мамандары МӘС-тің 2019 жылғы 6 айының негізгі көрсеткіштерімен таныстырып, талдау қорытындысы бойынша есеп берді.

Қазақ